ХАБАРЛАНДЫРУ

БІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ!

1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілді. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі.
Бүгінде бір елді ғана емес, әл­емді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүр­гізу үшін дүниежүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Еліміз де ес­ірт­кіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, наша­қор­лық­қа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарын белсене жүргізуде. Ол үшін аз қаражат та бөлініп жатқан жоқ. Нәтиже де жоқ емес… Егер қазірден бастап зиянды  кеселдің алдын алмаса, 2030 жылға әлемде  жыл сайын 8 миллионға  жуық адам көз жұмып отыруы мүмкін екен.
Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар нашақорлық дертінің, есірткі кеселінің қандай зиян екенін жақсы біледі. Сондықтан да сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!