БІЗ ТУРАЛЫ

«БАРЫС-АРЕНА» МҰЗ АЙДЫНЫ САРАЙЫ

«Барыс Арена» спорттық кешені континенталды хоккейлік лигада ойнайтын жергілікті «Барыс» хоккей командасының үй аренасы. 11.000 көрерменге арналған мұз сарайы  ішінде баскетбол, волейбол немесе шығын футбол алаңы, тіпті ринг құрып бокс кеші мен сахналық алаң жасауға да келеді.  Сонымен қатар спорт кешенінде FINA ережесіне сай ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, 10 жолақтан тұратын Олимпиадалық жүзу бассейні орналасқан. Онда суға секіру мұнарасы мен трамплиндер талапқа сәйкес жасалған. Аренада синхронды жүзу, суға секіру, малтудан және су добынан халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізілуде.

2015 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен жаңа арена пайдалануға берілді.