НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ

2010 жылы негізі қаланған Назарбаев Унивеситетінде әлемдегі серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп әзірлеген 50 академиялық бағдарлама бойынша 5 мыңға жуық студент білім алуда.

Университеттің оқытушы-профессорларының қатарында әлемнің елуден астам елінен келген оқытушы-зерттеушілер бар. Назарбаев университеті алғашқы күннен бастап мықты ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы бар әлемдік деңгейдегі университет ретінде дамып келеді.

Еліміздің халықаралық деңгейдегі жаңа оқу орны «Назарбаев университет» жайлы толық ақпаратты онлайн экскурсиядан біле аласыздар.

Экскурсияны дайындаған кешен қызметкері Меруерт Құралбаева