БІЗ ТУРАЛЫ

ҒАЗИЗА ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ

Ақтөбе облыстық филармониясының негізі 1944 жылы қаланған.

1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза Жұбанованың аты берілді.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазіргі стандарттарға сай, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, әрбір ұжымның даярлық жасауға арналған кең де жарық кластары және 401 орындық көрермендер залы бар. Ұжымдар музыкалық аспаптармен және киімдермен қамтамасыз етілген.

Филармония құрамына қазақтың халық аспаптарының оркестрі, камералық хоры, «Аққу» би ансамблі, классикалық музыка ансамблі, сонымен қатар «Саз» балалар студиясы кіреді.