БІЗ ТУРАЛЫ

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЦИРК

Қарағанды циркі ғимаратының іргетасы – 1983 жылы қаланған.
Нысан сәулетші А.Байковтың, С. Мордвинцевтың жобалары бойынша салынған. Қаланың тарихи, көрікті мәдени орындарының бірі.
Ғимараттың ортасында амфитеатрмен қоршалған манеж орнатылған.1640 орынды көрерменге арналған жоба. Барлық алаңы – 5256,7 ш.м.
Жыл сайын цирк аренасында ресейлік және шетелдік цирк ұжымдарының түрлі жарқын қойылымдары өтеді.