ІС-ШАРАЛАР

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ “НҰР-ОТАН” ПАРТИЯСЫНЫҢ ХХІ СЪЕЗІНДЕГІ СӨЗІН ТАЛҚЫЛАУ

2022 жылдың 16 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы “Nur Otan” партиясы Есіл аудандық филиалы Бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті қайта жаңғыртудың, жаңа Қазақстанды құрудағы бағытын түсіндіру, 2022 жылдың 28 қаңтардағы “Nur Otan” партиясының кезектен тыс ХХІ Съезінде сөйлеген сөзін талқылау, “Nur Otan” партиясының жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Кешен қызметкері М. Құралбаева  баяндама жасап, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын күшейту, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес, құқық қорғау жүйесін реформалау сияқты басым бағыттарына қатысты түсінік берді және аталған міндеттердің барлығын жеке атап өтті.