ІС-ШАРАЛАР

РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Сәкен Сейфуллин музейі», М.Әуезов к-сі, 20

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Биыл Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл. Аталмыш шараға орай музейдің мәжілс залында «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі» атты фото-көрме  ұйымдастырылады.

Фото-көрмеде Мемлекеттік рәміздеріміздің – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігін, Мемлекеттік рәміздердің ұлттық біре­гейліктің қалыптасу тірегін бейнелейтін фотосуреттер қойылады.