31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

2022 жылғы 31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мұражай аумағында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының Мемориалына гүл шоғын қою рәсімі өтті. Гүл шоғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының, Нұр-Сұлтан қаласы жұртшылық өкілдері мен саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының және  Ақмола облысы әкімдігінің атынан қойылды. Іс-шара барысында бір минут үнсіздік жарияланды. Зерде қабырғасында репрессия құрбандарының ұрпақтары –  «АЛЖИР» тұтқыны Клавдия Васильевна Августинның шөбересі Ольга Юрьевна Гротова және Әділет халық комиссары, ҚАКСР прокуроры, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған  Жанайдар Сәдуақасовтың немересі Перизат Құрманқызы Сәдуақас және т.б. сөз сөйледі. Әруақтар рухына құран бағышталды.