“МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА” ЕСКЕРТКІШІНІҢ АШЫЛУЫ

1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен «Жетісу» саябағында елордада Балалар жылы аясында 1963 жылы «Менің атым Қожа» шығармасы желісімен «Қазақфильм» студиясы түсірген балалар фильміндегі Қожа кейіпкеріне орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 
        Идеяның авторы Қожамқұлов Мұрат Әкімханұлы, мүсінші Талапхан Азамат.
    «Менің атым Қожа» – 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев. Повесть орыс, украин, француз, литва, латыш және өзбек тілдеріне аударылған.
     Салтанатты шараның ашылуына «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Берік Оралұлы Жәкенов, Қожа рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжарұлы Санжар және басқа да қоғам өкілдері қатысты.