ІС-ШАРАЛАР

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

 2023 жылы 28 наурыз күні «Астана қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Наурыз мерекесінің басты мақсаты – қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға деген құрметті қатынасты қалыптастыру.

 Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан, солардың бірі –ұлттық ойындар. Құнды игілікті ескере отырып, «Астана қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясының» ер азаматтары арасында «Қол күрес» ойыны ойнатылды. Қазақтың көне дәстүрлерінің бірі,  бүгінгі күнге дейін сақталып келген – тұсаукесер рәсімі өткізілді. Кішкентай бөбекке директор орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев ақ батасын беріп, тұсауын кесті.