24 сәуір – Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл

Қасым Қайсенов – Қазақстанның Халық қаһарманы , Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болды. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарды. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»…атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.