ІС-ШАРАЛАР

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 31 жылдан бері атап өтіп келеді. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Еліміздің барлық азаматтарын бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!