Тоқта, вандал!

2023 жылы 27 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкері Қуанышбай Қабиден №88 Қадыр Мырза Әлі атындағы мектеп – лицейінің 10-11 сынып оқушыларына «Тоқта, вандал!» тақырыбында түсіндірмелік дәріс өткізді.
Мақсаты: азаматтық-патриоттық, саяси, рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау, тарихи ескерткіштерді сақтау мәдени орындарда орын алған вандализм тәртіпсіздіктерін жоюға баулу.