Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл

Әбділда Тәжібайұлы Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысының туғанына биыл 115 жыл.

Әбділда Тәжібаевтың қаламынан туған шығармалары сыршылдығы, ойшылдығымен ерекшеленеді. Драматург ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген мол мұра қалдырды.