|

Бұл әлемде біздің жалғыз гана отанымыз бар. Ол - Казақстан. Біздің ортақ парызымыз қайда болмасын өзіміздің тәуелсіздігімізді нығайтып, күш-қуатымызды күшейтіп және мемлекетіміздің намыс туын аркашан биікте ұстап және әлемдік бірлестікте абыройымызды жогалтпай Отанымызға беріліп адал қызмет етуіміз керек. Ол үшін отанымыздың әрбір азаматы еліміздің, жеріміздің бірлігін, ұлтаралық бейбітшілікті сақтау жолында өзінің зор тарихи жауапкершілігін түсінуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылды. Кәсіпорынның ұйымдастырушысы Астана қаласының әкімшілігі, уәкілетті органы Астана қаласының мәдениет департаменті.
«Атамекен» Қазақстан Картасы" этно-мемориалдық кешенінің мақсаты мәдени-құндылылықтардың, халықтың қол жетімділік тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтап, Қазақстанның тарихи атамұрасын біліуіне көмегін тигізеді, Қазақстан Республикасының бүкіл табиғи зоналарын және экономикалақ жетістіктерімен мәдени байлықтарын сақтап және көбейту болып табылады.
Қазақстанның Атамекен танымды-көркемдік кешені сіздерді мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырады. Сәнді таулар, қыраттар, қырлар, ормандар, көлдер, ірі қалалардың нышандық белгілері - осы мәдени орталықтың өзіндік ансамблін құрайды. “Атамекен” Қазақстан Картасының” қызық бөлігі - Каспий теңізінің сәндік - рәсімдеу үлгісі. Елдің негізгі автомобиль және темір жолдарына сәйкес келетін Карта жолдарымен саяхат, Қазақстанның ең маңызды көз тартарлық, назар аударарлық жерлерін оқып білуге мүмкіндік береді. Этно-мемориалдық кешені жердің - 1,7 га көлемін алып жатыр.
Картада 14 облыс және 2 қала - Астана және Алматы орналасқан.
Қазақстан Республикасы аумағының жалпы көлемі - 2,7 млн. шаршы км.
Халқы - 15 млн адам.
Шекараның ұзындығы - 12187 км.
Ел ордасы - Астана.
Қазақстан аумағында 100-ден астам ұлт және шағын халықтар тобы өмір сүреді.
Ең ірі таулы массив – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м.
Ең ірі теңіз– Каспий – 374 шаршы км.
Ең ірі өзен – Ертіс – 4248 км.
|