«НҰР-ҒАСЫР» МЕШІТІ

Ақтөбе қаласында орналасқан мешіт 2008 жылы ашылды. Жобаның авторы Татарстан республикасының еңбек сіңірген архитекторы Айвар Саттаров. Мешіт ғимарат асты, техникалық қабаттарды қосқанда 5 деңгейден тұрады. Іші жерасты деңгейінде дәліз, неке қию залы, медресе сыныптары бар және әкімшілік орындары, 2-ші деңгейде киім шешу орны, ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана, ас беруге арналған 2 зал. 4500 адамға арналған намазхана. Күмбезінің биіктігі – 40 метр, 4 мұнарасы әрқайсысы 60 метрден, алтын түсті қабыршықпен жалатылған. Мешіттің алдына мәрмәр төселген. Мешіттің жалпы алаңы – 5,5 мың ш.м. Құрылыс алаңы – 400 мың ш.м.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *