ҒАСЫРЛАР КУӘСІ, ЕЛІМНІҢ МҰРАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласының №69 мектеп-гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кемел Ақышев мұражайымен бірлескен «Ғасырлар куәсі, елімнің мұрасы» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.
Жиынның мақсаты – Қазақ археология ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Кемел Ақышұлыныңтарихи-мәдени мұрасын насихаттау, жасөспірімдер арасында патриотизмді, азаматтық ұстанымды қалыптастыру өткен шараға сондай-ақ көпшіліктің музейге деген қызығушылығын арттыру, мұражайдың құндылығын дәріптеу.
Кемел Ақышев – 1924 жылы23 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келіп, 2003 жылы 10 тамызда Алматы қаласында дүниеден өтті.
1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.
Іс-шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары және кешен қызметкерлері қатысты.