БІЗ ТУРАЛЫ

АБАЙ ЖӘНЕ ПУШКИН ЕСКЕРТКІШІ

Абай және Пушкин ескерткіші Петропавл қаласының орталығында орналасқан. Композиция екі халықтың достығын білдіріп тұр.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі 2006 жылы Тәуелсіздік күні өтті.

Символикалық тіршілік ағашымен жалғасқан Абай мен Пушкин композициясының биіктігі 5,2 метр, ал ескерткіштің жалпы биіктігі 7,5 метрді құрайды. Ағаш тұлғалардың өмір сүрген дәуірлерін бөліп, сонымен бірге мәңгілік символы ретінде біріктіріп тұр.

Мүсіндер қоладан құйылған.

Авторлары: мүсінші К. Сатыбалдин, сәулетші С. Баймагамбетов және В. Затай