ХАБАРЛАНДЫРУ

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА

 Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Жастар сарайы», Республика проспектісі, 34 үй

Тәуелсіздіктің тірегі, Отанымыздың жүрегі – кешегі Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының шаңырақ көтеріп, босаға бекіткеніне биыл 25 жыл! Бұл – ғасырлар бойы бабалар аңсап күткен ұлы қуаныш! Ұлт мұраты. Азаттықтың саф ауасымен еркін тыныстап, кереге жайып, кең көсіліп өмір сүру қандай бақыт! Азаттықтың қадірін елін сүйген ерлер ғана терең сезінеді.
Тарих бірыңғай жарқын беттерден тұрмайды. Басымыздан өткен отыз жыл өзгенің емес өзіміздің тарихымыз. Оны әділ бағалай білгеніміз жөн. «Жаңа Қазақстан» бүгіннен басталғанымен, кешегі күннің заңды жалғасы.
Нұр-Сұлтан қаласының 25 жылдығына арналған «ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА» атты Республикалық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен 60 ақын өз бақтарын сынаған жыр додасының  топ жарған жүйріктерін марапаттау рәсімі мен әдеби-музыкалық кеші шілде айының 1 күні өтпек.
Салтанатты шараға қоғам қайраткерлері және ақын-жазушылар мен өнер жұлдыздары қатысады. Кеште Республикалық мүшәйрадан оза шауып, жүлдегер атанған 12 жүлдегер жүлделі өлеңдерін халық назарына ұсынып, оқиды. Келіңіздер! Жыр қайнарынан сусындап, Елордамызды асқақтатқан әдеби-музыкалық кештің куәсі болуа шақырамыз!
 
Басталуы: 15:00
Кіру: тегін