ІС-ШАРАЛАР

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні

Семей полигоны – Қазақстан аумағында атом бомбасын 40 жыл бойы сынақтан өткізіп, ұлт саулығына нұқсан келтірілген, ауа мен топырақты былғаған, Ертістің мөлдірін улаған, адам тағдырын табан астына салған ұлт қайғысы, ғасыр қасіреті.
Ядролық сынақ 1949 жылдан бастап 40 жылға созылып, қазақ жерінде 456 рет ядролық жарылыс жасалды.
Осыдан 32 жыл бұрын Қазақ даласына ең ауыр қайғы алып келген, ұлтымызға алапат зиянын тигізген полигон аймағында 1991 жылдың тамыз айының 29-ы күні тыныштық орнады.
Бүгінде Қазақстан ядролық қарусыздану мәселесінде бүкіл әлемге үлгі көрсетіп, батыл шешім қабылдай алған елге айналды.