ІС-ШАРАЛАР

Қазақстан музейлері қызметкерлерінің І Конгресі

   2023 жылы 27 қазан күні «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК қызметкерлері Қазақстан музейлері қызметкерлерінің І конгресіне қатысты.

   Реставрациялық алаңда кәсіби мамандар музей заттарын консервациялау, реставрациялау жұмыстарындағы  теориялық, тәжірбиелік-әдіснамалық мәселелермен бөлісті. Аталмыш шара өзара тәжірбие алмасу арқылы музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.

   Семинар барысында музей мәселелерінің теориялық тұсымен ғана емес, шеберханалық жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды.

   Конгрестің мақсаты – қазіргі музей ісінің жетістіктерін, тәжірибелері мен нәтижелерін насихаттау, музей ісі мен музейлер қызметін заманауи бағытта ілгерілету, музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру қызметін жетілдіру.