ІС-ШАРАЛАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

    2023 жылғы 7 желтоқсан күні «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» қызметкерлерінің қатысуымен «Адамдардың пайдасына іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдау фактілерін анықтау» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру және оқыту іс-шарасы өткізілді.

1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы;

2. Коммерциялық пара беру;

3. Өкілеттіктерді теріс пайдалану тақырыптары талқыланды.

   Іс-шараның қорытындысы бойынша, ұсынылған сыбайлас жемқорлық жіктемесін толық деп санауға болмайтынын, керісінше, бұл бағыттағы зерттеулерге негіз бола алатыны түсіндірілді. Үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-саяси, экономикалық, психологиялық және рухани-идеологиялық жағдайларда қазіргі қоғамның өмірінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің жаңа формалары пайда болу мүмкіндігі айтылды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шараларды әзірлеу мақсатында осы құбылыстың жай-күйі мен эволюциясын үнемі бақылау қажеттілігін білдіреді.