Ереже
«Үздік экскурсия жүргізуші – 2011»
1. Жалпы ереже:
-
- «Үздік экскурсия жүргізуші-2011» байқауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібі және байқауды қорытындылау;
- Байқау ұйымдастырушы МКҚК «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені;
- Байқау үміткерлері барлық Астана қаласының мектептері аралығында;
- Байқау үміткерлері өздерінің оқу орындарынан жолдама беруі қажет;
Әр оқу орындарынан 6 адамнан қабылданады: 2 үміткер қазақ тілінде, 2 үміткер орыс тілінде, 2 үміткер ағылшын тілінде болуы қажет;
-
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
- Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату;
- Жас ұрпақты тарихи – мәдени және рухани құндылықтарды бағалау;
- Отандық тарихқа баулу;
- Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру;
3. Байқаудың өтілу тәртібі:
3.1.Байқау 2011 жылдың 18 - ші сәуірінде ашылу мерекесі сағат 10.00 өтеді.
Байқаудың өтілу орны: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы 2/1, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені МКҚК.
3.2. Байқауға өтініш 28-ші наурыз бен 16-шы сәуір аралығында қабылданады, мәлімдемені төмендегідей мекен жайға қағаз және электронды нұсқада жіберуге болады: телефон: 240-497, 245-272 электрондық мекен -жайымыз Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
.
Сайт: www.atameken-map.kz
3.3. Байқау номинациясы: «Үздік экскурсия жүргізуші 2011»
3.4. Байқау талабы:
- сауалнама толтыру;
- байқауға қатысуға ата-аналардың қағаз түрінде келісімі;
Байқау төрт бөлімнен тұрады:
- Алдын ала берілген тақырыптық жоба қорғау (Қазақстан тарихы мен географиясы және қазақ халқының мәдениеті);
- Шешендік өнер немесе әртістік шеберлік (еркін тақырып) таныту;
- Полиглот (тіл меңгергендігіне байланысты қосымша ұпай)
- Ең төменгі ұпай саны - 20
- Отандық тарих, география, дүние жүзілік тарихы және шешендік, ораторлық өнер бағаланады.
4.Кешеннің функциясы
4.1. Байқау жеңімпаздарына «Үздік экскурсия жүргізуші 2011» сертификатына ие болады және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешеніне жазғы демалыс уақытында экскурсия жүргізуші-аудармашы ретінде жұмысқа қабылданады.
2011 жылдың 18-20 сәуір аралығында «Үздік экскурсия жүргізуші – 2011» оқушылар сайысы өткізілді
Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен жыл сайын қала мектептерінің талантты, білімді оқушыларымен «Үздік экскурсия жүргізуші» байқауы өтеді. Байқаудың өткізілу мақсаты жастар арасында еліміздің тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін уағыздау, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған өсиеттері мен істерін келер ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар жастарды еңбекке тәрбиелеу. Осындай іс-шаралар этнокешен әкімшілігінің ұйымдастыруымен жыл сайын мамыр айында өткізіліп тұрады. «Атамекен» этно-кешен әкімшілігі байқауға қатысушыларды туған жерінің тарихына деген ынтасын, оқушылардың таңдап алған тақырыптары бойынша шығармашылық жұмыс (Ұлы тұлғалар өмірінен көрініс). Әр оқушы өзі дайындаған тақырыбында шешендік өнерлерін көрсетеді. Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалалары бойынша экскурсия жүргізеді. Тартымды, еркін және мәнерлі сөйлеу талаптары қойылады.
«Үздік экскурсия жүргізуші» атағына ие болған оқушылар жазғы демалыс уақытында этно-кешенге жұмысқа алынады. Бұл шара оқушылардың келешегіне, тәуелсіз Қазақстанның білімді азаматы болып елдің көркеюіне өз үлесін қосады.
1-2 мамыр күні оқушылар арасында өтетін
«Жас таланттар байқауы»
Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді. «Атамекен патриоттары» клубы оқушылардың шығармашылығын, интеллектуалдық қабілеттілігін, талантын көтеру мақсатында түрлі конкурстар мен сайыстар өткізіледі. Байқау барысында оқушылар жеке шығармашылық жобаларымен, қазіргі заман талабына сәйкес көкейтесті мәселелерді, тарихи тұлғалардың өмірінен, еліміздің ежелгі тарихынан сыр шертеді.
«Үздік экскурсия жүргізуші сайысының жеңімпаздары» құрметіне 1-2 мамыр күні жеңімпаздар фестивалін ұйымдастырылды
Жүргізуші 1:
Армысыңдар ағайын!
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Жүргізуші 2:
Бүгінгі күн болашағы қарыштап.
Мереке күн тойланар түн дұрыстап.
Барлық табы жұмысшылар қолдасын.
Дәуір алға, көш ағыны бірігіп,
Тәңір туы желбіресін алаулап
Жүргізуші 1:
Бүгінгі мерекемен қатар «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно – мемориалдық кешеніміздің кезекті маусымдық ашылу салтанаты қатар келіп тұр.«Атамекен» Қазақстан картасы этно - мемориалдық кешені 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен ашылған болатын. Қазақстанның Атамекен танымды - көркемдік кешені Сіздерді мемлекеттің тарихымен онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырады.
Қазақстанның ең маңызды көз тартарлық, назар аударарлық жерлерін оқып білуге мүмкіндік береді. Олай болса этнокешен аясына жиналған дүйім жұртпен бірге мерекемізді бастайық.
Телеубай Жанасыл Абайдың қара сөздерінен үзінді
Устемиров Темірланның орындауында күй «Адай» болса Қалымбек Аян «Түркімен» күйін тартты.
Жүргізуші 2:
«Атамекен» Қазақстан Картасының» этнокешенде «Атамекен патриоттары» клубы мен «Эрудит» экскурсия жүргізуші клубында жасөспірімдердің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерінің жоғары болуын, болашақ ел қайраткері қазіргі жасөспірім буыннан отансүйгіштік, патриоттық бағытта тәрбиеленген жеке тұлға болып қалыптасуы үшін іс – шаралар өткізіліп тұрады.
Жүргізуші 1:
Мағжан Жұмабаев айтқандай қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады деп жырлап кеткеніндей
Келесі кезекті мектеп оқушыларының өнеріне береміз. Мектеп оқушылары қара жорғаға билеп көңіл көтерсін.
Ал Қара жорға би сайысы.
Барлықтарыңызды биге шақырамыз.
Жүргізуші2:
Ахмет Байтұрсыновтың мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Бүгінгі мерекелік сайысқа қатысып бағымды сынап жүлделі орынға ие боламын және жазғы демалысымды қызықты өткіземін деп тұрған талантты жастарымыздың өнерін тамашалаймыз
Маденов Фархадтың орындауында «Астана» әні
Сайлаутегі Ердос «Туған жер»
Жантөре Кунсая ән «Корқыт-Қобыз»
Досанова Әлия «Елім менің» әнімен
Жүргізуші1:
Оу, ағайын тұрмайық!
Шаттықтан құр қалмайық
Тойдың сәнін келтірер
Әншілерді тыңдайық
Келесі кезекте Амангелдинова Мөлдірдің орындауында «Мұңайма» әнімен қарсы алайық
Жүргізуші2:
Жан қалмасын жай тұрған ,
Мәз болсын, жас -кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би – билейік бәріміз.
Сахнада биші қыздарымыз билейді
Жүргізуші 1:
Осы бүгін кеш соңынан арнайы лотерея ойнатылатынын барлығымыз білеміз. Енді міне ортаға лотерея ойнатушыларын шақырамыз. Бас бәйгі яғни құнды бағалы зат телевизор және 2 оқушыға арналған «Самұрық» демалыс орнына 2 күнге саяхатқа бару.
Жүргізуші2:
Барлық «Үздік экскурсия жүргізушісі 2011» сайысына қатысқан оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз.
Осымен мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
7 мамыр «Аталар ерліктері жастардың мәңгі есінде» тақырыбына арналған дөңгелек үстел
Қаһарлы соғыс батырларының батылдығын, Отан қорғаудағы ерліктерін баяндап жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру аға буынның асыл парызы. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ азаматтарының ерліктері талай жерде жазылып та, айтылып та жүр. «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран», Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталуы керек! Бұл келешек жастарымыздың патриоттық сезімдерін оятары сөзсіз! Ардагерлердің ерлік істері болашақ буынды тәрбиелеуде зор септігін тигізетіні ақиқат.
25 мамыр күні «Қазақтар құрылтайы» жиналысы. Оқушылардың қатысуымен Құрылтайға келген қонақтарды қарсы алу.
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру этнокешенінің еншісінде.
1 маусым «Балдәурен шаққа саяхат» атты балаларды қорғау күніне арналған этнокешен аумағында өткен жиын
«Балдәурен шаққа саяхат» атты балаларды қорғау күніне арналған этнокешен аумағында мерекелік жиын өткізілді. Мерекелік іс-шара мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемінің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызу; балалық шақ құқығын кішкене жастан сақтау маңыздылығына қоғам назарын аудару.
1. Игра «Угадай меня»
Цель игры: распознать и угадать закрытыми глазами человека стоящего в круге, назвать имя этого человека. Делим участников на 2 группы по десять человек. Если участник не угадывает более трех раз, то по решению жюри он будет отстранен. Таким образом, группа правильно угадавшая, набирает большее количество очков, тем самым, считается победившей.
2. Игра «Атамекен Қазақстан картасы»
Цель игры: необходимо найти и собрать все кусочки Карты Казахстана - Атамекен воедину. Участникам игры будет предложено пройти по определенному маршруту, каждый маршрут направляет участника к тайнику. Тайник нужно обнаружить, затем соединить кусочки карт воедино, чтобы получилась Карта Казахстана. Каждому кусочку Карты прикреплен подарок.
3. Игра «Менің елім – менің жерім»
Цель игры: необходимо нарисовать двацать главных символов Независимости Республики Казахстан. А также, дополнительно, нарисовать десять «чудес» олицетворяющих наш город. По правилам игры каждый участник должен подписать свое творение названием «Атамекен».
После игры угощаем детей тортом и напитками. Поздравляем, рассказываем о Дне защиты детей, дисскусируем.
4 маусымда өткен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Бұл-менің Туым! Бұл-менің Елтаңбам! Бұл-менің Әнұраным!» атты оқушылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел
4 маусым – мемлекттік рәміздер күніне орай өткізілген іс-шара оқушылардың өміріне үлкен әсері болды. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру этнокешенінің еншісінде
2011 жылдың 6 шілдесінде оқушылар арасында өткен «Атамекен 2011» Ханшайымы мен Ханзадасы» жас таланттар байқауы
Бұл сайыста өзін-өзі басқаруға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Әр түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелде өз ойларын талқылайды, пікір таластырады, сөз жарыстырады. Бұл сайыстың тәрбиелік мәні өте зор.
«Атамекен 2011» Ханшайымы мен Ханзадасы» жас таланттар байқауы
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені «Атамекен патриоттары» жасөспірімдер клубы мен «Атамекен экскурсия жүргізушілері» араларынан биылғы жылғы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мен Астананың туған күніне орай «Атамекен Ханшайымы мен Ханзадасын» сайлады.
Байқаудың мақсаты:
- Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату;
- Жас ұрпақты тарихи – мәдени және рухани құндылықтарды бағалау;
- Отандық тарихқа баулу;
- Оқушылардың жазғы демалысын қызықты түрде ұйымдастырумен қатар оқушылардың жұмыс жасауға деген қызығушылығын арттыру болатын.
«Атамекенге» келген қонақтарға ұлан байтақ жеріміздің, Тәуелсіз еліміздің тарихы мен мәдениетін таныстырып жүрген осы жасөспірімдер. «Атамекеннің Ханшайымы мен Ханзадасы» болуға әр қайыссылары болуға лайықты болатын, дегенмен жүзден жүйрігі таңдалынып шығарылды. Әділқазы алқасы этнокешен ғылыми қызметкерлері мен оқушылар жасырын дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтау болды.
Байқауға 10 бала қатысты. Оның ішінде 5 ер бала «Атамекен Ханзадасына». Олар: Божанов Әділхан, Айкенов Мақсат, Мамыров Азамат, Абдраманов Нұрсұлтан, Жылқайдаров Арман, Лұқпанова Айда, Казкенова Гүлжанар, Сейілбек Толғанай, Оразбекова Әлия, Ахметжанова Қуралай «Атамекен Ханшайымына» үміткер болған. Сайысымыз келесі кезеңдерден:
- Сайыскерлеріміздің өздерін таныстыру.
- Өз өнерлерін көрсету.
- Сұрақ-жауап (бір макетке сипаттама беру)
- Экскурсия жүргізушілерінің киіміне ұсыныс көрсету.
- Әртістік шеберлігін көрсету.
- Заманауи келбетіне сипаттама беріп өз өнерлерін ортаға салды.
Казкенова Гүлжанар мен Божанов Әділхан қойылған сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беруімен көзге түсіп ерекшеленді. Мамыров Азамат тапқырлығымен, ал Сейілбек Толғанай заманауи келбетімен ерекшеленді. Оразбекова Әлия ораторлық шеберлігі мен мәнерлеп оқуымен көзге түсті.
Сайыс қорытындысында «Атамекен Ханзадасы» Божанов Әділхан, ал «Атамекен Ханшайымы» Казкенова Гүлжанар иеленді.
Әрине жеңімпазды таңдау қиынға соқты, дегенмен оқушылар лайықты дегендерін өздері таңдап шығарды. Жеңімпаздарға бағалы Сыйлықтар мен мақтау қағаздары ұсынылды. Сайыстың қорытындысын шығарып жеңімпазды анықтағаннан кейін мерекелік дастархан жайылып оқушыларға құрмет көрсетілді.
18 шілде күні оқушылар арасында «Өзін-өзі басқару күні» өтеді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде жүргізілген тағы бір іс-шара оқушы-экскурсшылардың 18 шілде «Өзін-өзі басқару» күні балалар болашақ әкім рөлін сомдап, «Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы» тақырыбында пресс-конференция өткізеді, содан соң картада бірі этнокешен директоры, бірі бухгалтер, бірі ғылыми қызметкер т.б. қызметтерді өздері жүргізеді. Мұндағы мақсат жеке тұлға қалыптастыру.
2011 жылдың 26 тамызында өткен «Конституция- қазақстандықтардың тұрақты өркендеуінің кепілі» атты оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Конференцияға еліміз заңнамасының көкейкесті тұстары мен жетістіктеріне кәсіби тұрғыдан талдау жасау, Қазақстан Конституциясының мүмкіндігін әрі қарай пайдаланудың жолдарын талқылау, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің саяси кезеңдерін сүзгіден өткізу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық сананы ояту, рухани құндылықтарды насихаттау сынды мәселелер өзек болды. Шараға қатысушылар сондай-ақ әлемдік конституциялық даму кеңістігіндегі Қазақстан Ата Заңының бейнесі мен орны жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің 10 жылдығына орай өткізілген Республикалық «Үздік патриоттық сабақ» байқауы
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені 2011 жылдың 9 қарашасында, биылғы жылғы оқушылармен өткізіліп отырған барлық мерекелік іс-шаралар қорытындысы еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігімен тұспа-тұс келген «Атамекен» Қазақстан картасы» этнокешенінің 10-жылдығына арналды. Биылғы жылдың қорытындысы болып «Атамекен» этнокешеннің ұйымдастыруымен Қазақстанның 20-жылдық тәуелсіздігіне арналған «Үздік патриоттық сабақ» байқауы атты республикалық мұғалімдер сайысы жарияланды.
Байқаудың мақсаты:
- Жас ұрпақты тәуелсіз еліміздің 20 жылдық тарихымен, жетістіктерімен таныстыру, патриоттық сезім, ұлттық рухты ұялату.
- Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату;
- Жас ұрпақты тарихи – мәдени және рухани құндылықтарды бағалау;
17 қыркүйек пен 7 қараша аралығында өткен байқауға Астана мен Алматы қалаларынан 32 мектептен 70 мұғалім қатысып, 56 сабақ өткізілді. Оn-line жүйесінде Алматы қаласының №77 жалпы білім беретін мектеп, Талдықорған қаласы Еркін ауылының №11 орта мектебі және де Талғар ауданындағы агро-бизнес және менеджмент колледжі ұлтжандылық сезімге толы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығындағы жетістіктерін толық ашатын ашық сабақтарын өткізді. Сонымен қатар Астана төріндегі ғылым ордасы ЕҰУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары да белсене ат-салысты. Байқаудың қорытындысы ретінде барлық өткізілген сабақтардың жоспарлары, әдіс-тәсілдері арнайы әзірленген жинаққа енбекші. Байқауға қатысқан мұғалімдер өздерінің зияткерлік, рухани деңгейі мен ұйымдастыру қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Байқаудың әділқазылар алқасына ғалымдар мен арнайы шақырылған қонақтар үздік сабақ өткізген жеңімпаздарды келесі критерийлері арқылы анықтады: әртістігі, ұстаздық шеберлігі, туған елінің көркемдігі мен байлығын аша білуі, инновациялығы, шығармашылығы, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, жоғары интеллекті мен жан-жақтылығы, эстетика тұрғысынан анықтады. Байқаудың бас жүлдесіне №56 мектеп мұғалімі Омарова Салтанат Кәкімқызы 100 000 теңгеге иеленді. Этнокешен директоры п.ғ.д. Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбековнаның арнайы сыйы №50 мектеп мұғалімдері Бөкенова Г.А. мен Ілиясов Ш.Р. мен №64 мектептен Д.О. Бекназарова., Д.М.Тұрарбековтарға жазушы Ә.Кекілбевтың өз қолы қойылған 12-томдық жинағы мен 30 000 теңге тапсырды. Қалған қатысушыларға келесі номинация бойынша: «Ұстаздық шеберлік» номинациясына Алматы қаласының №77 жалпы білім беретін мектебі Насырова М. А., «Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» номинациясымен Астана қаламыздың № 59,№ 18, №22, Нұр-Орда, №56 мл, №64, №37, №63, №58, №60, №54 мектептеріне Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының бастығы Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы марапаттады, «Заманауи келбеті» номинациясы Нұр-Орда қазақ-түрік кешені, «Гуманистік сабақ» номинациясына Талдықорған қаласындағы Еркін ауылыны Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі, «Тақырыптың өзектілігі» номинациясына Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, «Ауылдың көркеюі-еліміздің көркеюі» номинациясына №42, № 43,№ 48, №30, №64, № 15 мектептері, «Тәуелсіздіктің негізі – Мемлекеттік рәміздер» номинациясын №49,№61, №56, №22, №64, №28, №15 мектеп мұғалімдеріне , «Айналдым сенен-Атамекен-ай» номинациясын №62, №61, №29, №50, №64, №49, №52, №29, №55 мектеп мұғалімдеріне Еуразия Ұлттық университетінің ф.ғ.д., профессор Ысқақова Гүлзира Ыдырысқызы марапаттады, «Тарихи тағылымы-ұрпаққа ұлағат» номинациясын №21, №28 мектеп мұғалімдеріне Тіл комитетінің «Руханият тіл орталығының» директоры Тілешов Ербол Ердембекұлы марапаттады, «Үздік инновациялы сабақ» номинациясын № 38,№43, №52, №1 мектеп мұғалімдеріне «Атамекен» Қазақстан Картасы» этнокешеннің жетекші ғылыми қызметкері, мемлекеттік басқару академиясының магистрі Козыбаев Бауыржан Козыбайұлы марапаттады, «Астана – Еуразия жүрегінде» номинациясын №56, №8, №54 және Нұр-Орда мектеп мұғалімдеріне «Алжир» қуғын-сүргін мемориалды мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Садуақасова Сағымжан Асаиновна құттықтады, «Спортшылардың жеңісі-Қазақстанның мақтанышы» номинациясын №21 және Нұр-Орда мектеп мұғалімдеріне Астана қаласының Ішкі саясат басқарма бастығының орынбасары Тергенбаев Самат Ілиясұлы марапаттап құттықтады. Барлық номинаттар телевизор, ноутбук, музыкалық орталық, DVD, магнитола және тағы басқалай бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мерекелік іс-шарамыздың бас демеушілері: «Профимакс» типографиясы, Т.Жүргенев атындағы өнер академиясы, ЖШС «Билд-ком» жеке кәсіпкер Н.К.Тиллабеков және ТОО «Бағдат», ЖШС жарнама агенттігі «Логотип».
Мәдени-танымдық шаралар
Экскурсия жүргізушілердің жұмыс күн тәртібінен
«Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы»панорамасының ашылу
Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің 10 жылдығына орай ашылған «Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» панорамасының ашылу салтанатына «Атамекен патриоттары» атсалысты. Әрбір оқушы әр жылдағы айтулы оқиғалар мен жетістіктерді айтып экскурсия жүргізді.
«Атамекен патриоттарының» спортшылармен кездесуі
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің 2011
жылғы жаздық маусымында өткізілген іс-шаралары
Қаһарлы соғыс батырларының батылдығын, Отан қорғаудағы ерліктерін баяндап жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру аға буынның асыл парызы. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ азаматтарының ерліктері талай жерде жазылып та, айтылып та жүр. «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран», Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталуы керек! Бұл келешек жастарымыздың патриоттық сезімдерін оятары сөзсіз! Ардагерлердің ерлік істері болашақ буынды тәрбиелеуде зор септігін тигізетіні ақиқат.
Республикамыздың осынау дәрежелері мен тарихы, этнографиясы мен мәдениеті, ге7 мамырографиясы және қалаларымыздың сәулет өнері «Атамекен» Қазақстан Картасының» алақандай аумағынан орын алған. Этнокешенде «Атамекен патриоттары» клубы экскурсия жүргізуші клубында жасөспірімдердің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерінің жоғары болуын, болашақ ел қайраткері қазіргі жасөспірім буыннан отансүйгіштік, патриоттық бағытта тәрбиеленген жеке тұлға болып қалыптасуы үшін іс – шаралар өткізіп тұру маңызды. Жасөспірім бойында ұлтжандылық, ұлттық сана – сезім, халықтың тарихи жады ұлтымыздың даналары мен батырларын қастерлеу, өзінің рухани түп – тамырының байланысын сезінумен дамиды. Жас ұрпақтың бойында тарихын зерттеп білу арқылы ұлттық сана – сезімін қалыптастыру мен жас буын арасында патриоттық сезімін арттырып, елі үшін намасын оятуды тәрбиелейді. Осы бағытта түрлі іс-шараларды іске асыруда: оқушылар мен танымал мәдениет, саясат қайраткерлерімен кездесулер, конференциялар, республикалық және халықаралық форумдар өткізеді. «Атамекен патриоттары» клубы оқушылардың шығармашылығын, интеллектуалдық қабілеттілігін көтеру мақсатында түрлі конкурстар мен сайыстар өткізіледі. Байқау барысында оқушыларға жеке шығармашылық жобаларымен, қазіргі заман талабына сәйкес көкеитесті мәселелер, тарихи тұлғалар, еліміздің ежелгі тарихынан сыр шертеді. Байқау нәтижесінде жеңіске жеткен дипломдар мен грамоталармен марапатталады. Осындай іс – шаралардың биылғы жылы тәуелсіздік мерекесіменен тығыз байланыстырып және кешеніміздің 10 жылдық мерекесіне сәйкес келуіне орай республикалық көлемде «Атамекен патриоттары» арасында да көптеп ұйымдастырылды. Оқушыларды мәдени орындарды аралатумен қатар ойын-сауық орындарымен таныстырулар қарастырылды. Арнайы оқу орындарынан тарих мамандар шақыртылып семинарлармен бірге әртістік шеберліктерін, тапқырлық-сөйлеу мәнерлерін дұрыстау жөнінде көптеген мастер кластар ұйымдастырылды. Атамекен патриоттарының арасында жасөспірім спортшылар, ақын-жазушылар ұйымдастыру топтары бар. Жасөспірімдерді келесідей тәрбиелеу жүйелері:
Патриоттық тәрбиемақсаты: Отанына деген сүйіспеншілігі мен азаматтық сана – сезімін ояту. Қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен құрметін күшейту. Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары, кездесулер, қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Эстетикалық тәрбие мақсаты: Әдемілік пен сұлулықты қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру, өзін қоршаған ортадағы тамаша құндылықтарды қабылдау. Баланың эстетикалық сезімі арқылы жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.Спорттық – сауықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, денешынықтыру спортпен айналысуға ынта, қызығушылығын дамыту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында спортқа байланысты шаралар өткізілуде. Күн режимін орындау, жеке бас гигиенасын дамыту бағытында іске асырылып отырады. Олардың ішінде қалалық сайыстарға қатысып, теннистен, шахмат жеңімпаз атанған оқушылар бар. Құқықтық тәрбие оқушылардың адам құқығы туралы, Конституция міндеттері мен еркіндігі туралы және құқық бұзушыларға, жауыздық пен зорлыққа деген қарым-қатынас туралы білімді қалыптастырады. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата заңымызды сыйлау рухында тәрбиелеу,мемлкет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу; Бақылау жұмыстары еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын, яғни саналы да білімді болашағын қалыптастыру- әрбір ата-ананың міндеті, парызы. Ата-аналардың оқу мен тәрбие процесіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса нәтижелі болады. Биылғы жылы этнокешенде 56 оқушы экскурсия жүргізушісі қызметін атқарды.
Жалпы өткізілген іс-шаралар
|
№
|
Іс-шаралар
|
мерзімі
|
қосымша
|
| |
Оқушылармен бірігіп өткізілген мерекелік шаралар
|
|
1.
|
«Үздік экскурсия жүргізуші – 2011» оқушылар арасында сайыс
|
18-20 сәуір
|
Астана қаласынан «Үздік экскурсия жүргізуші 2011» сайысына 27 мектептен 148 оқушы қатысқанын келесідей хабарлайды:
|
|
2.
|
1мамыр «Жас таланттар байқауы»
|
1-2 мамыр
|
Оқушылардың талантын тамашалау
|
|
|
«Қазақстан халықтарының бірлігі күні»
|
1 мамыр
|
Дөңгелек үстел
|
|
3.
|
«Аталар ерліктері жастардың мәңгі есінде» атты дөңгелек үстел
|
7 мамыр
|
Дөңгелек үстел
|
|
4.
|
«Қазіргі заман музейі - жас жеткіншектер көзқарасымен»
|
18 мамыр
|
Инновациялық жоба
|
|
5.
|
«Қазақтар құрылтайы» жиналысы
|
25 мамыр
|
Кұрылтайға келген қонақтарды қарсы алу
|
|
6.
|
«Балдаурен шаққа саяхат» балаларды қорғау күніне байланысты
|
1 маусым
|
Этнокешен аумағында
|
|
7.
|
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Бұл-менің Туым! Бұл-менің Елтаңбам! Бұл-менің Әнұраным! атты дөңгелек үстел
|
4 маусым
|
Экскурсия жүргізуші оқушылар
|
|
8.
|
«Жас таланттар» шығармашылық байқауы
|
4 шілде
|
Экскурсия жүргізуші оқушылар таланттарын байқау
|
|
9.
|
«Атамекен 2011» Ханшайымы мен Ханзадасы» жас таланттар байқауы
|
5 шілде
|
Оқушылармен бірігіп
|
|
10.
|
Оқушылар арасында «Өзін – өзі басқару күні»
|
18 шілде
|
Оқушылармен бірігіп
|
|
11.
|
«Конституция- қазақстандықтардың тұрақты өркендеуінің кепілі» дөңгелек үстел
|
26 тамыз
|
Оқушылармен бірігіп
|
|
12.
|
«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» атты сынып сағаты
|
30 тамыз
|
Оқушылармен бірігіп
|
|