ЕҢЛІК – КЕБЕК КЕСЕНЕСІ

Еліміздің рухани орталығы Семей шаһарынан қасиетті Абай жеріне баратын қасқа жолдың бойында тарихи ескерткіштер көп-ақ. Асықпай аралаған адам М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопеясын қайта парақтап шыққандай әсерде қалады. Соның бірі – ақ мәрмәрдан кескінделген «Еңлік-Кебек» ескерткіші.

XVII ғасырдың II-ші жартысында қазақ жеріндегі ескіліктің құрбаны болған Матай елінің қызы Еңілік пен Тобықты руынан шыққан  Кебек атты жастарға қойылған. Ақсақалдар шешімінің билігімен қатаң жазаланған бұл екі жас бүгінгі жас ұрпаққа ерекше қастерлі. 1960 жылы Абай ауданының тұрғындары жеке қаражаттарынан кесене орнатқан. 1976 жылы осы аудан тұрғындарының өтініштерімен бүкіл кесене ақ мрамормен қапталды. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биіктігі 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында «Еңлік-Кебек» деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8-9 км жерде тағы бір ескерткіш бар. Онда: «1917 ж. 7 маусымда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды» деп жазылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *