«ЕСІРТКІЗ ӨМІР» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

26 маусым нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде 24.06.2016 ж. сағат 14:00 де «Есірткіз Өмір» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Атамекен» кешенінде іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттер мен патриот кулб мүшелері қатысты. Іс-шара барысында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінің заңгері Жексекеева Арман Нурдильдановна «Нашақорлыққа қарсы заңдар» туралы баяндама оқып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінің экскурсия тобының жетекшісі Елкеева Индира Бекназаровна қатысушыларға «Есірткінің шығу тарихы» туралы мәлімет берді. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінің жас экскурсия жүргізушілері: Келманова Ася, Телеубай Рахат, Маратов Қанат, Мекенов Қазбек «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында слайд-шоу жұмыстарын қорғады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *