ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА
2016 жылы, 6 шілдеде «Мұражай педагогикасы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені алаңында «Еңсесі биік Елорда» атты қала күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.
Мақсаты: Ел ордасы Астананың 18 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде атап өту. Қала тұрғындары мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сонымен қоса отанымызға деген еліміздің барлық азаматтарының құрметін арттыру.
Іс-шараға «Патриот» клуб мүшелері мен кешен қызметкерлері, «Балам-ай» қоғамдық қоры мен Астана қаласы әкімдігінің «Балалар психо-неврологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ тәрбиеленушілері және «Вкус Праздника» агенттігінің өнерлі ұжымы қатысты.
Іс-шара барысында Астана қаласының тарихы мен жетістіктері сөз болып, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры Алтыбаева Алма Қуандыққызы осы мерекенің маңыздылығы туралы мерекелік құттықтауын жеткізді.
«Атамекен» кешеніне келген қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт барысында ойын ойнау, жастардың флешмоб биі, асфальтқа сурет салу, әуезді ән мен мың бұралған би, көңілді жүргізушілер, қызықты трансформерлер, епті сиқыршылар керемет көңіл күй сыйлады.
Сонымен бірге келушілрге мақта кампит тегін таратылды. Әсіресе, балалар ұмытылмас әсермен тарқасты. Сахна төріне көтеріліп өнер көрсеткен барша балаларға мерекелік сыйлықтар таратылып, жетекшілерімен бірге оларға да алғыс хаттар табыс етілді. Бір сөзбен айтқанда, Астана күні «Атамекен» кешенінде ауыз толтырып айтарлықтай жоғары деңгейде аталып өтті.