ІС-ШАРАЛАР

АСҚАҚ РУХТЫ АҚТӨБЕ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақтөбе облысы  – қазақ тарихында ұмытылмас із қалдырған ұлы тұлғалар мекені» атты дәріс өтті.

Жиында әулиелер мекені Ақтөбе облысының тарихи-мәдени орындары мен ел тағдыры үшін аянбай еңбек еткен ұлы тұлғалар жайында айтылды.

Тарихы тереңде жатқан өлкенің рухани өркениеті мен мәдениетін насихаттау мақсатында өткен дәрісті «Ақпараттық қызмет» бөлімінің басшысы Серік Кәрібайұлы жүргізді.