ІС-ШАРАЛАР

СЫРШЫЛ САЗГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері – Жақсыгелді Сейіловтің 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Жиында тағдырлы таланттың өмірі мен шығармашылығы жайында сөз болды. Сонымен қатар кешен қызметкері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Кәрібайұлы композитордың танымал әндерін орындады.

Өнер көгінде жарқырай жанып, аққан жұлдыздай із тастап өткен дара тұлғаның артында қалдырған өшпес мұрасы осылайша бір жаңғырды.