ІС-ШАРАЛАР

АБАЙДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған  «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен рухани бірлікті нығайту, қазақтың ұлттық мәдениетіне, әдебиетіне деген көпшіліктің ықыласын арттыру мақсатында өткен шараға кешен қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Абайдың әдеби шығармашылық мұрасы туралы тыңдап, ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыған жас экускурсия жүргізушілерінің өнерін тамашалады. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі әртісі Серік Кәрібайұлы ақынның әндерін орындады. Кеш соңында Экскурсия бөлімінің жетекшісі Азамат Малжанбай бас ақынға арнау өлеңін оқыды.