ІС-ШАРАЛАР

22 маусым – Мағжан Жұмабевтың туғанына 130 жыл

Мағжан Жұмабаев Бекенұлы – 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиеті мен мәдениетіне еркін қаныққан Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді.
1912 жылы жарық көрген «Шолпан» атты поэзия жинағының арқасында Мағжанның есімі кең таныла бастайды. Жұмабаевтың шығармашылық жолының бірінші кезеңі 1910 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұлт-азаттық күрестің себептері ақын өлеңдерінде батылдықпен тарихқа бет бұрған сайын қатты айтылады.