«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің «Халықаралық мұражайлар күніне» орай «Өзгерген әлемдегі мұражай. Шабыттың қайнар көзі мен жаңалыққа ұмтылу» тақырыбындағы 18 мамыр 2012 ж. өткізілген шара PDF Печать E-mail

2012 жылы 18 мамыр күні «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Халықаралық мұражайлар күніне» орай «Өзгерген әлемдегі мұражай. Шабыттың қайнар көзі мен жаңалыққа ұмтылу» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараның мақсаты – мәдени және ұлтаралық қатынастарды дамыту үшін алдағы уақытта әлеуметтік өз-ара байланысты нығайтуды арттыру мақсатында түрлі ұлттармен, және олардың мәдени өзгешеліктерін ескере отырып, халықтың рухани мәдени бірлігін сақтау, мәдени құндылықтарды насихаттау. Этнокешеннің аумағы мерекелік шараға сәйкес жазылған мәтінді плакаттармен, әсемделген жарықпен, шарлармен, гүлдермен безендендірілді.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені басқа да әлемдегі мұражайлар сияқты «Мұражайдағы түн» атты акцияға қатысты.

Дәстүрлі түрде, Астанамыздың тұрғындары мен қонақтарын қызықтаратын этнокешеннің мәдени бағдарламасында таңғы 09:00-ден 15:00-ге дейін «Әлемге саяхат» атты акция жүргізілді (мұражайға кіру тегін).

«Халықаралық мұражайлар күні» этнокешен «Жер жанатты Жетісу» атты Аламаты облысының жаңа макеттерінің салтанаттық ашылуына, «Қазақстан. Мың жылдықтар тоғысында» диорама павильонындағы мультимедиялық жобаның тұсаукесеріне, он-лайн билеттерді сату бойынша теминладың презентациясына, «Атамекен патриоттары» клубының кезекті маусымының ашылуына, он-лайн жүйесінде өткен «Шексіз мұражай» атты бейне конференцияға ауқымды дайындалды.

«Атамекендегі» Халықаралық мұражайлар күніне арналған мерекенің ашылу салтанатына шақырылған қонақтарымыз мәжіліс депутаттары Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы, Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы, Самакова Айткүл Байғазықызы, Логотов Николай Николаевич, Алматы облысы әкімінің орынбасары Баталов Амандық Ғаббасұлы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, ҚР-ның мәдениет комитетінің төрағасы Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы, Астана қаласының мәдениет басқармасының бастығы Мажағұлов Болат Бауржанұлы және оның орынбасары Төкесбай Қанат Сапарұлы, Астана қаласының Есіл аудандық әкімі С. С. Мұстафина, Режижер Болат Ұзақов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығының директоры Дауренбаев Есет Жеңісұлы, Астана қаласындағы мәдени мекемелердің бастықтары, ҚР-сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнокешенінің 10 жылдығына арналған республикалық байқау жеңімпаздары, Астана қаласының филармониясының директоры Данаева Айгүл, әншілерімен, Алтаев Базарбай Еркебайұлы, Қоқымова Кәмиля Кәбекқызы, Тәуелсіздік сарайының қызметкерлері және т.б. шақырылған қонақтар, С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің студенттері, Еуразиялық ұлттық университетінің студенттері, Тұран – Астана колледжінің студенттері және т.б. кешенімізге келген қонақтарымыз «Жер жанатты Жетісу» атты Аламаты облысының жаңа макеттерінің салтанаттық ашылуына, «Қазақстан. Мың жылдықтар тоғысында» диорама павильонындағы мультимедиялық жобаның тұсаукесеріне, он-лайн билеттерді сату бойынша теминладың презентациясына, «Атамекен патриоттары» клубының кезекті маусымының ашылу рәсімне қатысты. «Мұражай – менің әлемім» тақырыбындағы асфальттағы ең үздік сурет байқауына да тоғыз мектептен оқушылар келіп қатысып, жүлделерін алды.

Алматы облысындағы жаңа макеттердің тұсауын Алматы облысы әкімінің орынбасары Баталов Амандық Ғаббасұлы және Алматы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы кесті.

«Қазақстан. Мың жылдықтар тоғысында» диорама павильонындағы мультимедиялық жобаның тұсауын ҚР-ның мәдениет комитетінің төрағасы Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы кесті. Диорама павильонының ішінде Астана қаласының өркендеу тарихын 3D форматтағы экранда көрсетті.

«Атамекен» патриоттар клубының тұсауын Астана қаласының мәдениет басқарамасының бастығы Мажағұлов Болат Бауржанұлы кесті. Клубтың ішінде №30-шы мектептің директоры Әзімханова Сәуле Мұңшалқызы «патриоттар» тақырыбында «Атамекен» патриоттар клубының мүшелерімен бірігіп сұхбат жүргізді, клубтың сыртына мектептер арасында өткізілген «экскурсаводттар» сайысының жеңімпаздарымен салтанатты түрде шыршалар отырығызылды, бұл рәсімге келген қонақтарда ат салысты.

Он-лайн билеттерін терминал арқылы сату бойынша презентациясын «Жан дүние» компаниясының директоры Сарсенов Жандос Төлежапарұлы өткізді. Келесі кезекте, бағдарлама бойынша барлық қоанқтарға «Атамекен» шайханасындағы дастарханға отырғызып, ас берілді.

Бұл уақытта «Мұражай – менің әлемім» тақырыбындағы асфальттағы ең үздік сурет байқауы этнокешеннің алаңында Астана қаласындағы тоғыз мектептен келген оқушылар, топ-топқа бөлініп бір сағатта түрлі-түсті борлармен суреттерін салып бітірді. Ол суреттерді Бөгенбай батыр атындағы Ерементау мұражай директоры Жылқыбаев Сайлау Қабікенұлы бағалап, марапаттау қағаздары мен сыйлықтарын тапсырды.

Кешкі бағдарлама бойынша Астана қаласының мәдениет қайраткерлерімен, ҚР-ның дипломатиялық өкілдерімен он-лайн конференция өтті. Он-лайн конференцияны «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбек қызының құттықтау сөздерімен ашылды. Бұл он-лайн конференциясына Польшаның «Келецкой деревни» мұражайы, «Алжир» мұражайы, Ресейдің «Коломенский» мұражай қорығы, Беларусияның архитектура мұражайы, Украинаның ұлттық – көркемөнер мұражайы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Астана, Тараз, Қызылорда қаласының мұражайлары шығып, құттықтау сөздерін айтып, «Атамекен» этнокешеніндегі қонақтармен сұхбаттасты.

Кешкі концерттік бағдарлама «Атамекен» қызметкерлерінің хорымен басталды. «Ашық аспан аясындағы ең үздік киім үлгісі» атты сайысқа көрермендер арасынан қатысушылар шығып, киімдерінің үлгісін баяндап, дефиле көрсетіп, өз өнерлерін көрсетті. «Тарихи тақырыпқа арналған ең үздік театрланған көрініс» атты сайысқа да көрермендер арасынан жүлделерін алды.

Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының жұлдыздарымен жалғасты.

 

 

Прейскурант цен

Входной билет:

400,00 тг.

Экскурсия:  
- на казахском языке: 200,00 тг.
- на русском языке: 200,00 тг.
- на английском языке: 500,00 тг.
Видеосъемка: 300,00 тг.
Фотосъемка: 200,00 тг.
Участникам ВОВ и детям до 3-х лет вход бесплатный.

 

Послание Президента Республики Казахстан 17 января 2014 года

День музеев

 

day of museum

БЛОГ ДИРЕКТОРА

Муналбаева Умитхан Дауренбековна

ПОЛЕЗНОЕ

Официальный сайт президента Республики Казахстан Официальный сайт президента РК
Официальный сайт Парламента Республики Казахстан Парламент РК
Электронное правительство Республики Казахстан Электронное правительство РК
  Портал государственных закупок
Сайт акимата города Астаны Акимат города Астаны
Логотип ИКОМ ИКОМ Казахстан

Понравилось ли вам у нас в гостях?