PDF Печать E-mail

[sigplus] Критическая ошибка: Папка галереи изображений 20 как ожидается будет относительно пути базовой папки изображений, указанной в панели управления.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның
әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
мақаласын жүзеге асыру бойынша әрекеттер стратегиясын
талқылауға байланысты
дөңгелек үстел

 

 

Модератор:

Мұңалбаева Ү. Д. – п.ғ.д., «Атамекен» Қазақстан Картасы ЭМК директоры

 

Бүгінгі таңдағы аса өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік мәселелер болып табылады. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті практикалық, прагматикалық жаңа идея болып табылатын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ұсынып, әлеуметтік жаңғыртудың басты мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарын белгілеп берді. Себебі, Елбасы әлеуметтік мәселелерді әр кез бақылауында ұстап, өзінің назарын әрбір қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайына бағыттаған.

Бүгінде Қазақстан объективті түрде орташа  Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындады. Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалыптары тұрақты жоғарылауда. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.

Аталған бағдарламалық мақалада Елбасымыз әлеуметтік жаңғыртулардың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қағидаттарын даналықпен ашып көрсетіп беріп отыр.

Осыған орай, 2001 жылы 8 қыркүйекте Президентіміздің бастамасымен ашылған «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені 2012 жылдың 26 шілдесінде сағат 11.00-де мәні жағынан ұлтқа үндеу болып табылатын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын жүзеге асыру бойынша әрекеттер стратегиясын талқылайтын дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Атамекен патриоттары» мен ата-аналары және кешен ұжымы, Мәдениет басқармасы және оған қарасты мекемелер, «НұрОтан» ХДП өкілдігі, этно-мәдени орталықтың өкілдері  қатысты.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық танымды - көркемдік кешені мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырып қана қоймай, еліміздің болашағы жас жеткіншектерді, патриот жастарды да тәрбиелейді. Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарды жақсылыққа, жақсы өмірге жетелейді. Сол себепті, бағдарламалық мақаланы «Атамекеннің патриотарымен» бірігіп талқылап, жастардың көзқарасын, алға деген бағыттарын аңғару, бағдарламалық мақаланың мазмұнын балаларға жеткізе отырып, оның жүзеге асуына әрбіреуінің үлес қосу керектігін ұғындыру біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Дөңгелек үстелоқушылардың  бойына еңбексүйгіштік сезімдерді ұялатып, өз отаны, елі мен жері үшін еңбек етіп, ізденімпаздықты құрметтеуге тәрбиелеп, өз халқының мақтанышы болуына, өнегелі азаматтар болып қалыптасуына ықпал етті.

Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.

Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады.

Жасампаздықтың төріне, жаңғыртудың өріне жетелейтін 20 қадамға әрбір қазақстандық белсенділік көрсетіп, индустриялық-инновациялық дамудың аясында қоғамды жаңғыртуға аянбай ат салысуымыз керек.

Еңбектене білгеннің еңсесі биік. Расында да, ерінбей еңбек еткеннің көп белесті бағындырары белгілі. Осыған орай, Елбасы ел игілігі жолында ерінбей еңбек ету керектігін баса айтты. Бұл мақсатта елімізде қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің тарапынан Астана қаласының оқушыларын білім деңгейінің тереңдеп, жан-жақты қалыптасуына септігін тигізіп, жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға зор үлесімізді қосып келеміз. Балалар Қазақстан тарихына қатысты білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әлеуметтік жағдайларын тұрақтандырып, табыс та табады. Ай сайын тиесілі айлықтарын да алып отырады. Осы тәжірибе арқылы біз, оқушылардың бойына еңбекқорлық қасиетті тудырып, еңбектің қадірін түсіндіреміз. «Еңбек етсең емерсің» демекші, әр адам өз еңбегінің қызығын көріп, халқына пайдасын тигізу міндетті. Ал, Елбасының бағдарламалық мақаласы осыны меңзейді.

Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді. Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқа қызмет етіп, пайда әкелуге негізделген.

Біз, Президентіміздің әлеуметтік жаңғырту саясатын қолдап, оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде ат салысамыз.

 

Фотогалерея:

{gallery}20{/gallery}

 

Прейскурант цен

Входной билет:

400,00 тг.

Экскурсия:  
- на казахском языке: 200,00 тг.
- на русском языке: 200,00 тг.
- на английском языке: 500,00 тг.
Видеосъемка: 300,00 тг.
Фотосъемка: 200,00 тг.
Участникам ВОВ и детям до 3-х лет вход бесплатный.

 

Послание Президента Республики Казахстан 17 января 2014 года

День музеев

 

day of museum

БЛОГ ДИРЕКТОРА

Муналбаева Умитхан Дауренбековна

ПОЛЕЗНОЕ

Официальный сайт президента Республики Казахстан Официальный сайт президента РК
Официальный сайт Парламента Республики Казахстан Парламент РК
Электронное правительство Республики Казахстан Электронное правительство РК
  Портал государственных закупок
Сайт акимата города Астаны Акимат города Астаны
Логотип ИКОМ ИКОМ Казахстан

Понравилось ли вам у нас в гостях?