ЮНЕСКО/МӨМ аумақтық тақырыптық тренингі PDF Печать E-mail

2012 жылы, 1-4 қараша күндері ТМД елдері арасындағы жетекші мұражай қызметкерлерінің «Мұражайды басқару: саясатты өңдеу мен тәжірибелік реттеу» атты ЮНЕСКО/МӨМ аумақтық тақырыптық тренингі және сараптамалық кездесуі өтеді.

Аймақтық тақырыптық тренинг 2008-2011 жылдары ТМД елдеріне арналған  ЮНЕСКО және Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының  қолдауымен өткен ұлттық және аумақтық тренингтердің жалғасы болып табылады.

Тренинг ЮНЕСКО және Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының  бірлесе отырып жасаған жобасының негізінде өткізілмек:  «Мұражайды басқару – XXI ғасыр: ТМД елдері сарапшыларының мұражайды басқаруды дамытуға арналған кездесуі және ЮНЕСКО/МӨМ аумақтық тақырыптық тренингтері» (2011-2014).

Тренинг барысында келесі сұрақтар қарастырылатын болады:

- Музей қызметін ғылыми жобалаудағы өзекті мәселелер;
- Заманауи мұражайдың стратегиялық жоспары және басқару жобасы;
- Мұражайлардың оқу орындарымен, билік органдарымен және өзара тәжірибе алмасуы;
- Материалдық және рухани мәдениетті сақтаудағы мұражай рөлі: мәселелері және келешегі;
- Инновациялық технологияларды енгізу: XXI ғасыр мұражайы.

    Іс-шараның ұйымдастырушылары Мәскеудегі ЮНЕСКО Бюросы, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені. (Алматы және Ташкент ЮНЕСКО Бюроларымен бірлесе отырып). Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының мәдениет басқармасы және Музейлер Асоцияциясының тікелей қатысуымен өткізілмек.

    Жобаның бас үйлестірушілері: Әзірбайжан, Армения, Белорусия, Молдова Республикасы және Ресей Федерациясы Мәскеу ЮНЕСКО Бюросының мәдениет жөнінен бағдарламалық маманы – Морева Л.М., Алматы қаласы ЮНЕСКО Бюросының бағдарламалық маманы   – Пешков Ю.М7

    Тренинг тақырыбы ТМД елдері арасындағы мұражай қызметінің саясатын дамытуға, қызметін жетілдіруге негізделген. Әсіресе жаңа, заманауи технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басты назар аударылмақ.

    Аумақтық тренинг бағдарламасына мұражайды басқару мен мұражай педагогикасы салаларының жетекші мамандары, сондай-ақ Ресей Федерациясынан (Андреева Г.Б., Селезнева Е.Л.,  Луняев Е.В., Кудрявцева С.В., Ветрова Н.,), Әзірбайжаннан (Ахундова А.), Армениядан (Чархчян А.), Белорусь Республикасынан (Сташевич А.Б, Лаптенок И.), Қырғызстаннан (Тургунбаев А.), Молдова Республикасынан (Левинский А.), Тәжікстаннан (Джобиров З.), Өзбекстаннан (Даминов Ш.) және Украинадан (Дейнега М.) қатысады. Аталған шараға еліміздің мұражай ісі мамандары да қатысады.

    Тренинг барысында нақты әдістеме бойынша тәжірибе алмасу жүреді. Жоспар бойынша олардың тәжірибе аламасуы, мәдениет саласындағы озық технологиялардың үлгілерімен танысуы, өз көз-қарастарын ашық айтып, пікір алмасуы үшін мүмкіндіктер қарастырылған. Іс-шара болашақта интерактивті және бос уақытқа арналған бағдарламалардың нақты алгоритмін жасауға негіз болады.

    Тренинг барысында жүргізілетін сауалнама қорытынды жасауға, жетістіктерді түйіндеуге және болашаққа тиімді жоспар жасауға мүмкіндік береді.

     

    Аккредитация: 8(7172)24-04-97, 8 701 355 31 46

    Қосымша ақпарат алу үшін Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық поштасына жазыныз.

     

    Прейскурант цен

    Входной билет:

    400,00 тг.

    Экскурсия:  
    - на казахском языке: 200,00 тг.
    - на русском языке: 200,00 тг.
    - на английском языке: 500,00 тг.
    Видеосъемка: 300,00 тг.
    Фотосъемка: 200,00 тг.
    Участникам ВОВ и детям до 3-х лет вход бесплатный.

     

    Послание Президента Республики Казахстан 17 января 2014 года

    День музеев

     

    day of museum

    БЛОГ ДИРЕКТОРА

    Муналбаева Умитхан Дауренбековна

    ПОЛЕЗНОЕ

    Официальный сайт президента Республики Казахстан Официальный сайт президента РК
    Официальный сайт Парламента Республики Казахстан Парламент РК
    Электронное правительство Республики Казахстан Электронное правительство РК
      Портал государственных закупок
    Сайт акимата города Астаны Акимат города Астаны
    Логотип ИКОМ ИКОМ Казахстан
    
    Понравилось ли вам у нас в гостях?